Алматыда автобус жүргізуге рұқсаты жоқ адамдар қоғамдық көлікті тізгіндеп келген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлікті басқаруға құқығы жоқ жүргізушілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық тәртіп сақшылары жүргізген рейд барысында тиісті санаты жоқ 3 автобус жүргізушісі анықталды.

Бүгінде ереже бұзушылардың көлігі айып тұрағына қойылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, рұқсат етілмеген адамдардың жолаушы тасымалдауына жол берген автокәсіпорын басшыларына да қатаң жаза қолданылмақ.

«Алматының Бостандық ауданында жүргізген рейдтің бір сағатқа жетпес уақытында тиісті санаты жоқ, тиісінше, қоғамдық көлікті басқару құқығы жоқ үш автобус жүргізушісі анықталды. Жүргізушілер ӘҚбК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Олардың қоғамдық көліктері айыппұл тұрағына қойылды. Рұқсат етілмеген адамдардың жолаушы тасымалдауына жол берген автокәсіпорын басшыларына қатысты да әкімшілік шаралар қолданылды»,- деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Шараның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың жолдағы тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерінің жолын кесу, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын орындамайтын жүргізушілерді анықтау.


Соңғы жаңалықтар