13:21, 18 Қазан 2020 | GMT +6
Алматыда автобус қозғалысының кестесі өзгерді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық көлік қозғалысының кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«17 қазанда «Талап Т» ЖШС қарасты №7 маршрутына өзгеріс енгізілді. Енді бұл маршрут Мақатаев көшесінен Қайырбеков көшесіне бұрылып, Гоголь көшесіне дейін жүретін болды», - деді Алматы көлік холдингінен.
19 қазаннан бастап «Мадина» ЖШС қарасты №25 маршрутына өзгеріс енгізіледі.
Енді троллейбус Абай көшесінен Байтұрсынов-Гоголь-Сейфуллин-Мақатаев шаршысын аралап қайтадан Байтұрсынов көшесіне түседі.
Сонымен қатар, аталған маршруттың соңғы аялдамасы да басқа нүктеге ауыстырылды.