Алматыда автобус көше шамының бағанасына соғылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус жүргізушісі бағанаға соғылып, салдарынан бір жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 қазан күні кешкі сағат 21:40 шамасында болған.

«Jaz le» маркалы автобустың жүргізушісі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Тұрғыт Озал көшесінің қиылысында, рульді басқара алмай, көше шамының бағанасына соғылды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобустың бір жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Материал Алмалы аудандық полиция басқармасының өндірісінде», - деді Алматы қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.



Соңғы жаңалықтар