Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері тұрақты өтіп тұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 22 қаңтардан бастап апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) сенбі-жексенбі күндері азық-түлік жәрмеңкелері өтеді. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы қаласы мен Қазақстан өңірлерінің өндірушілерінен азық-түлік жеткізудің барлық арнасы қалпына келтірілді.

Қала бойынша азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды.

«Ертеңнен бастап апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) демалыс күнгі азық-түлік жәрмеңкелері қайта басталады. Оған Алматы облысының жақын аудандарынан ауылшаруашылық тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады», - дейді Мақсат Қиқымов.

Спикердің сөзінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау қала әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларының бағасын ұстап тұру үшін бірқатар жүйелі және жедел шаралар қабылданады. Қаланың сауда нүктелеріне төмендетілген бағамен тікелей жеткізу үшін ӘМАТ өндірушілерімен 19 меморандум жасалды»,- дейді ол.

Бұдан басқа, маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін 2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы сәуірге дейін «Магнум» сауда желісінде «форвардтық» сатып алу шеңберінде 22 мың тонна көкөніс сату жүргізілуде. Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен бірлесіп ӘМАТ-қа сауда үстемесінің 15% сақталуын бақылау бойынша жұмыс жолға қойылды»,- дейді Алматы әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар, ол ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ерекше бақылауда екенін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар