Алматыда ауа сапасын бақылайтын желілер көбейеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ауа сапасын бақылайтын пункттердің саны 36-ға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту туралы тапсырмасын орындау үшін және министр Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша «Қазгидромет» қоғамдық ұйымдармен Алматы қаласының аумағында ауа сапасына бақылау желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде»,– деп хабарлады «Қазгидромет».

Қазіргі уақытта «Қазгидромет» экологиялық желісі 20 бақылау пунктінен тұрады.

2020 жылғы 8 маусымнан бастап Алматы қаласы ауасының сапасына мониторинг жүргізуге РМ-2,5 бойынша эко-белсенді Павел Александровтың тағы 10 датчигі қосылады. Деректер «AirKz» мобильдік қосымшасында, интерактивті картада көрсетіледі және ай сайын ақпараттық бюллетеньде жарияланатын болады.

Сондай-ақ, «Қазгидромет» Алматы қаласының атмосфералық ауасының сапасын жақсарту үшін «AirVision» Қоғамдық Қорымен бірлескен жұмыстар жүргізуде.

Осы ынтымақтастық шеңберінде «Эко-Эксперт» ЖШС қосымша 10 бақылау желісін қосуды жоспарланып отыр, осылайша Алматы қаласының мониторингі 36 бақылау пунктіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар