Алматыда әскерге барудан әдейі бас тартатындар жоқ - департамент

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әскерге барудан әдейі бас тартатындар жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаевтың айтуынша, кейде әскер қатарына шақырылатындар шақыру пунктеріне дер кезінде келмейді.

Мұндай жағдайда іске учаскелік инспекторлар араласады.

«Бізде әдейі бас тартатындар жоқ. Қазір жігіттердің барлығы интеллектуал. Әскерге шақырылушылардың орташа жасы - 18-23 жас, олар өз міндеттерін орындап, қызмет ету керек екенін түсінеді. Жастар арасында әскерге барудан үрейленетіндер де кездеседі. Психологтар олармен сөйлеседі. Әскерден жалтарған жағдайда 1 миллион теңгеге дейін айыппұл қарастырылған», - деді ол.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылар санаттарының тізбесі кеңейтілген.

Оған тек ауыл педагогтары ғана емес, сондай-ақ қала мұғалімдері оқытушылық қызметтің барлық кезеңіне және құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқытылып жатқан адамдар кірді.

Биыл күзде Алматыдан 1500-ден астам жасты мерзімді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр.

Жалпы, бір жылда мегаполистен 2 500-ге жуық адам шақырылады.


Соңғы жаңалықтар