Алматыда алтын саудасын қыздырып, халықты топырлатқан базар басшылығы жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы «барахолкасында» алтынды жаппай сатылымға шығарып, көп адамды шоғырландырған базар басшыларына айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Instagram желісінде жарияланған.

Бұл постқа қатысты Жетісу ауданы әкімі Мақсат Қиқымов түсінік берді.

«5 тамызда рейд барысында мобильді топ «Алатау-1» базарында санитарлық талаптардың бұзылуы халықтың топ болып шоғырлануына алып келді. Әлеуметтік қашықтық сақталмады, еденде белгілер болмады. Осыған байланысты «Достар Сауда» ЖШС-не қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша 861 мың теңге сомасына әкімшілік хаттама толтырылды», - дейді аудан әкімі.

Оның айтуынша, апта сайын тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында Жетісу ауданы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасының қызметкерлері Жетісу ауданы әкімі аппаратының және полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, кәсіпкерлік объектілерінде санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үшін тұрақты негізде рейд жүргізеді.


Соңғы жаңалықтар