+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Алматыда Әлмерек бабаның 360 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

2019 жылғы 15 қараша 12:09
Бөлісіңіз:
Алматыда Әлмерек бабаның 360 жылдығына арналған республикалық конференция өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Әлмерек Жаншықұлының өмірі мен оның қазақ елінің бостандығын қорғаудағы сіңірген еңбектеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жыл соңына дейін «Рухани жаңғыру» аясында 200-ден астам іс-шара өтеді Мемлекет және қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы сарыағаштық жастармен кездесті

Ғылми конференцияда, әулие-абыз бабаның өмір жолымен оның ұрпақтарының қазақ елінің бостандығын қорғаудағы сіңірген еңбектері мен ерліктері туралы зерттеу жұмыстары кеңінен сараланды.

Қазақ халқының жадында Әлмеректің есімі көріпкел әулие ретінде көбірек сақталған. Одан Хангелді, Бақай, Малай, Райымбек батырлар бата алған. Әлмеректен бес бала болған: Жәнібек, Баба, Құрман, Қаракісі, Тоқан. Ұрпақтарының ішінен елге сыйлы батырлар, би-шешендер шыққан. Жетісу өңіріндегі 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі Ұзақ батыр, атақты күйші Қожеке Назарұлы, классик жазушы Б.Соқпақбаев Құрманнан тараса, ал қалмақтарға қарсы күрескен Байсейіт батыр, Пұсырман би, орыс отаршылдығына қарсы тұрған Тазабек, Жақыпберді, Әубәкір сияқты тұлғалар Әлмеректің үлкен ұлы Жәнібектің тікелей ұрпақтары. Әлмеректің екінші баласы Бабадан - Қашаған, Тұрысбек, Тоқаннан — Баржық батыр, Адыр шешен, кенжесі Қаракісіден Қорам және Бекбау сияқты батырлар шыққан. Әлмерек ұрпақтары Қытайда, Монғолияда, Өзбекстан мен Қырғызстанда да тұрады.

«Әлмерек Жаншықұлы осыдан 360 жыл бұрын дүниеге келген. Жетісу өңірінде жоңғар басқыншыларына қарсы күресінде белді рөл атқарған. Сондай-ақ, Жетісу қазақтарының аман қалуына, жердің сақталуына үлкен еңбек сіңірген адам. Жасырақ кезінде батыр болған, кейін ел басқаратын би болған, содан абыз-әулие атанған. Бұл кісі жәй адам болмаған. Бұл кісінің ұрпақтары да қазақ жеріне өлшеусіз еңбек сіңірген. Олардың арасынан батыр, күйші, шешен, жазушылар шыққан»,- деді конференция барысында «Әлмерек» ҚҚ атқарушы директоры Ысқақ Нұрмұханбетов.

«Рухани жаңғыру және Ұлы даланың ұлы тұлғалары: тарихи сабақтастық» атты республикалық конференцияға қатысушылар Әлмерек бабаны өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау керектігін айтты.

«Рухани Жаңғыру бағдарламасы біздің ұлтты оятатын бұлжымас кодекске айналды. Бүгінгі Әлмерек бабамызға арналған конференция соның дәлелі. Әлмерек Оңтүстік шығыстың бұрынғы иесі, сол жердің киесі болған жан. Бұл кісіні біз тек тәуелсіздік алғанан кейін ғана зерттей бастадық. Жасыратыны жоқ, Кеңес үкіметі кезінде ол кісінің атын да, ерлігін де естіген жоқпыз. Өйткені оған тыйым салынды. Егеменді ел болғалы бабаларымызды насихаттауға, зерттеуге мүмкіндіктер туды. Сондықтан ұлы тұлғаларды дәріптеу қазіргі ұрпақттың міндеті»,- дейді Алматы облысының құрметті азаматы Ызғарбек Бектұрсынов.

Әлмерек Жаншықұлы жоңғар басқыншыларына қарсы шыққан, аты ұранға айналған батыр. «Қалмақтың батыры Шонжыны, Әлмерек батыр өлтірді», деген аңыз да бар. Әлмерек 1754 жылы 96 жасында қайтыс болды.

Конференцияда Әлмерек Жаншықұлының ерлігі, көрегендігі сияқты тақырыптарда баяндамалар жасалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT