Алматыда әлеуметтік қызметкердің жалақысы 50%-ға өсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда 2000-нан астам әлеуметтік қызметкердің жалақысы 50%-ға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Үкіметінің «Азаматтық қызметкерлердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қабылданған қаулыға байланысты, Алматыда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2091 штат бірлігі бойынша жалақы мөлшері 50%-ға ұлғайды.

Олардың арасында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйелерінің қызметкерлері, «Қамқор» әлеуметтік үйінің, «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметкерлері, «Шаңырақ», «Демеу», «Аяла», «Парасат», «Шапағат», «Сенім» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары, «Жан-Сая» дағдарыс орталығы, Алматы қ. Жұмыспен қамту орталығы, сондай-ақаудандық әкімдіктер мен аудандық әлеуметтік әл-ауқат бөлімдерінің әлеуметтік қызметкерлері бар.

Бұл ретте, 2022 жылы осы қызметкерлердің лауазымдық жалақылары ағымдағы мәннен 25%-ға, 2023 жылы тағы да 25%-ға өседі.


Соңғы жаңалықтар