USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды

2021 жылғы 25 қараша 10:33
Бөлісіңіз:
Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік ет дүкендері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Баға бір теңгеге жоғарыласа, дүкенді жабады» – ақпарат фейк Өскеменде азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді Қарағанды тұрғындары азық-түлік себепсіз қымбаттаған жағдайда қайда жүгіне алады

Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, екі базарда ет дүкені ашылды.

Әкімдік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының барлық 19 атауына, оның ішінде сиыр етіне бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар кешенді және жедел шаралар қабылдауда.

«Көкөніс әлеуметтік дүкендерінің үлгісі бойынша «Жұлдыз» (көтерме сауда) және «Орбита» базарындағы «Ет дүкендері» іске қосылды, онда сиыр еті 2050 теңгеден сатыла бастады, бұл орташа нарықтық бағадан 15%-ға төмен. Қамтуды ұлғайту үшін «Түрксіб жәрмеңкесі» және «Арыстан» базарларында ұқсас дүкендер ашу жоспарланған»,- деп хабарлады басқармадан.

Айта кетейік, Алматыда 27 қараша күні «Астана» орталық алаңында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT