Алматыда ағаш қоймасынан өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ағаш қоймасынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Жетісу ауданы Қазыбаев көшесінеде өрт болып жатқаны туралы хабар бүгін сағат 08:18 минутта түскен.

Өрт сөндірушілер келген сәтте 1500 шаршы метр аумақта құрылыс ағаштары сақталған қойма жанып жатты.

«Өртті сөндіру үшін Алматы қаласы ТЖД басшылығы мен жеке құрамнан 66 адам, 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 30 минуттың ішінде, яғни 9 сағат 35 минутта толықтай сөндірілді»,- деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Соңғы жаңалықтар