+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды

2021 жылғы 22 маусым 18:11
Бөлісіңіз:
Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 99 жастағы әжей коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өзін полиция қызметкері деп таныстырған азамат алматылықтарды тонады Коронавирус жұқтырған 178 алматылық жансақтау бөлімінде жатыр Алматыда коронавирусты жұқтырғандардың дені 20-40 жастағылар

Бүгін №36 қалалық емханада 99 жастағы батыр ана - Зағиша Шалова екпе салдырды. 12 баланың анасы, 15 немеренің әжесі «Спутник V» ресейлік препаратын таңдады.

«Бұл менің жеке шешімім, мен бұл аурудың мені және менің туыстарымды айналып өтсе деймін. Балаларымның барлығы екпе алып қойған. Қазір өзімді жақсы сезінем, еш ауытқулар немесе өзімді жаман сезінген емеспін, ары қарай да осылай болады деп үміттенемін»,- дейді әжей.

Вакцина салу басталғалы бері Наурызбай ауданы бойынша 27 мың адам екпе алды, ондағы 40% №36 қалалық емханасында алған.

Аудан бойынша екпе алғандардың арасында вакцинадан соң еш асқынулар орын алмаған.

«Тұрғындар арасында вакцина салдырғысы келетіндер саны артып келеді. Әр азамат бекітілген жеріне қарамастан қаладағы қалаған емханада вакцина ала алады. Күнделікті біздің емханаға коронавирус инфекциясынан вакцина алуға 150 -200 шақты адам келеді», -деді №36 қалалық емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген.

Коронавирусқа қарсы вакцина алу №36 емханада демалыссыз күнделікті сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT