Алматыда 8 жасар оқушы қыз жоғалып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық полицейлер Алмалы ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен Белла Миронованы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқушы қыздың жоғалғаны туралы ақпарат WhatsApp желісі арқылы тарап жатыр.

Хабарламада кішкентай қыздың № 34 орта мектепте оқитыны туралы жазылған.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

«Жоғалған бала туралы ақпарат «102» пультіне бүгін кешкі сағат 16:20-да анасынан түсті. Қазіргі уақытта 8 жастағы оқушы қызды іздестіру жұмыстарына учаскелік полиция инспекторлары, жедел бөлім қызметкерлері мен ювеналды полиция мамандары жұмылдырылды. Белгілі болғандай, оқушы сабаққа бармаған. Кішкентай қыздың аман-есен табылатынына үміттіміз. Қазіргі уақытта волонтерлер де көмекке келді»,- деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Соңғы жаңалықтар