Алматыда 8 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 8 көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ірі жол-көлік оқиғасы бүгін таңертеңгі уақытта болды. Сайын мен Жандосов көшелерінің қиылысында сегіз автокөлік соқтығысып, үш адам жапа шекті.

«№7 қалалық клиникалық ауруханаға 2 науқас жеткізілді. 1992 жылы туған ер адамға бас және бастың жұмсақ тіндерінің жарақаты диагнозы қойылды. 1976 жылы туған әйелге кеуде, омыртқа жарақаты, оң жақ аяғының төменгі тұсы және сол жақ тізе буынындағы жұмсақ тіндердің жарақаты диагнозы қойылды», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Тағы бір адам Алматы облысына қарасты ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігердің тексеруінен кейін бәрі амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.



Соңғы жаңалықтар