Алматыда 7 жастағы оқушыны мектеп жанында көлік қағып кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматыда 7 жастағы оқушы қызды мектептің қасында көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқыс оқиғаның видеосы Instagram желісінде жарияланды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға №68 мектептің қасында болған.

Қызды жедел жәрдем қызметкерлері Балаларға арналған шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына әкелді.

Баланың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр.

«7 жастағы қыз бала түсті. Басы ауырып тұрғанына шағымданды. Баланы мультидисциплинарлы бригада тексерді. Сүйектеріне зақым келмеген, алайда оның жабық ми жарақатын алғаны анықталды. Сондай-ақ, миы шайқалған. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды», - деді Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасынан.

Полицияның мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында таңғы 07:35-те болған. «Тойота» көлігі 7 жастағы қыз баланы қағып кеткен.

«Қазір жол апаты дерегін Бостандық ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деді полиция басқармасы.

Соңғы жаңалықтар