Алматыда 590 орындық мектеп салынып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Түрксіб ауданында салынып жатқан әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылыс қарқынымен, шағын және орта бизнестің дамуымен және қоғамдық кеңістіктерді абаттандырумен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сейфуллин даңғылында жеке инвестиция есебінен 590 орынды мектеп салынып жатыр.

Заманауи стандарттарға сай жалпы білім мекемесі жаңа оқу жылына дайын болады.

Жақын жерде «Шұғыла» кинотеатры бар, оның иесі мегаполис әкімін аумақты реконструкциялау және абаттандыру жобасымен таныстырды.

Бақытжан Сағынтаев мұнда аудан тұрғындары үшін жаңа әрі тартымды демалатын орын болатынына назар аударды.

Қала әкімі 300 орынға арналған №170 мектептің жаңа корпусының құрылыс барысын тексерді. Қолданыстағы ғимаратты жөндеу жоспарланған.

Салынып жатқан жеке және қалалық мектептерді қоса есептегенде Түрксіб ауданында оқушы орнының тапшылығы айтарлықтай төмендейді.

Бірақ, қала әкімінің тапсырмасы бойынша халықтың өсуін ескере отырып, жаңа білім беру мекемелеріне жобалар әзірлеу қажет.

Қала бизнесмендері спорттық инфрақұрылымды дамытуға атсалысып жатыр. «Жұлдыз-1» шағын ауданында жекпе-жек, көркем гимнастика, жаттығу, тренажер залдары, топтық фитнес аймақтары, 25 метрлік бассейні бар көпфункционалды спорт кешені салынуда.

Қала басшысы кешенді кеңейту жоспарларымен танысты және шеткі шағын аудандарда осындай ықшам денешынықтыру-сауықтыру орталықтарын салу қажеттілігіне назар аударды.

«Жұлдыз» жаңа демалыс орталығын аралап көрген соң қала әкімі осындай жобаны барлық аудандарда жүзеге асыруды тапсырды.

Мұнда жұмыс спорттық, мәдени-ағартуды дамыту бағыттарында жүруде. 100-ге жуық бала үстел теннисі, шахмат және дойбы, тоғыз құмалақ, бейнелеу өнері, күрес, би және музыка үйірмелеріне қатысуда.

Аудан әкімдерінің алдына қойылған басты міндеттердің бірі ШОБ дамыту және жұмыс орындарын құру.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев «Интер мульти сервис» гофрокартон зауытында болды. Мұнда картон шығаратын жаңа желіні толық іске қосуға дайындық жүріп жатыр.

Өндіріс қуаты бойынша жылына шамамен 2,3 мың тонна өнім шығарылады.

Зауытта 140 адам жұмыс істейді, жаңа өндірістік желі іске қосылғаннан кейін 30 жаңа жұмыс орны ашылады.

Алматы әкімі Б. Сағынтаевты VIVA Pharm фармацевтикалық зауытында өндірістік циклмен және шығарылатын дәрі-дәрмектердің ассортиментімен таныстырды.

Зауытта 157 жұмыс орны құрылған.Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 48 атаулы 2 миллионға жуық қапталған дәрілер препараттарын өндірді.

Өзбекстан мен Қырғызстанға өнімді экспорттау жолға қойылған, енді ресейлік нарыққа шығу жоспарлануда.

«Алатау» ИТП АЭА аумағында дәрі-дәрмек шығаратын жаңа зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Қала әкімі «Қайрат» шағын ауданындағы жол құрылысының сапасы мен қарқынын тексерді.

Шағынауданның 78 көшесінде сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілері тартылған. Көшелерді дайындау және асфальттау жұмыстары жүруде.

Мегаполис әкімі ауданның қоғамдық кеңістіктерін абаттандыру жобаларымен де танысты.

№32 мектептің артында «Бюджетке қатысу» жобасы аясында балалар және футбол алаңдарын, streetball, workout алаңдарын салуға дайындық басталды.

Мұнда сыртқы жарық орнатылып, қоқыс жәшіктері, орындықтартар қойылады. Аумақ көгалдандырылады.

Сондай-ақ, «Бюджетке қатысу» бойынша Айша Бибі, 357 көшесінің бойындағы қараусыз жатқан жерде спорт алаңының құрылысы басталды.

Мұнда мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ойын алаңы, жүгіру жолы, футбол алаңы, воркаут алаңы жасалады. Аумақ көгалдандырылады әрі абаттандырылады.

«Алтай-1» шағын ауданында бірнеше ауланы біріктіретін аралық жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы басталады.

Жобада қалалықтардың демалатын орындары, балалардың ойын кешендері мен спорт алаңдары, сыртқы жарық желілерін орнату, тротуар жолдары және аумақты көгалдандыру көрініс тапқан.


Соңғы жаңалықтар