Алматыда 50 жаңа троллейбус сатып алынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаланың қоғамдық көлік жүйесін дамыту үшін 50 жаңа троллейбус сатып алынады. Бұл туралы Ерболат Досаев жергілікті бюджетті нақтылау жөнінде өткен мәслихаттың XXII сессиясында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша, бюджетке енгізілген түзетулер ең алдымен, Алматы тұрғындарының талап-тілектерін ескере отырып, әлеуметтік басымдықтарды іске асыруға бағытталды.

«Қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға 13,6 млрд теңге қарастырылған. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін (жол белгілерін салу) қосымша 500 млн теңге бөлінді. Бұқтырма-Құлжа жолайрығының құрылысын аяқтауға 2,4 млрд теңге, жолдарды орта және ағымдағы жөндеуге 1,7 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, 6,3 млрд теңге 50 троллейбус сатып алуға бағытталады, бұл қоғамдық көлікпен қызмет көрсету сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді», - деді әкім.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда халық санының өсуі мен оқушы орнының тапшылығына байланысты 5 жаңа мектеп салынбақ.

Сондай-ақ, қалада тау беткейінде құрылыс жүргізуге тыйым салынды және басым бөлігінде 9 қабаттан жоғары ғимараттар салынбайды.



Соңғы жаңалықтар