Алматыда 5 жасар қызын зорлаған әке 20 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бес жасар қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлім еткендей, 1971 жылы туған Иксенғалиев Бақытжан Данецович 2015 жылы туған өзінің қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

«Иксенғалиев 2020 жылдың 4 қарашасында күні бойы спирттік ішімдік ішіп, үйіне келген. Онда оның азаматтық некедегі әйелі мен 2020, 2018, 2015 және 2014 жылы туған төрт баласы болған. Өзінің сексуалдық қажеттілігін қанағаттандыру үшін Иксенғалиев кішкентай қызын ұйықтауға жатқызу сылтауымен оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әреккеттерін жасаған. Жаға ұстатарлық бұл қылмысы үстінде оны әйелі ұстап алып, полицияға хабарласқан», - деп жазды Instagram-парақшасында Рустам Абдрахманов.

Ақпаратқа сүйенсек, сотталушы мен оның әйелі 2012 жылдан бері азаматтық некеде тұрған. Кәмелетке толмаған 5 ортақ баласы бар: 2014, 2015, 2020 және 2018 жылы туған егіз бала. Жұбайының айтуынша, барлық баланың әкесі – Иксенғалиев.

«Иксенғалиевтің кінәсы сотқа дейінгі тергеу барысында толығымен дәлелденіп, оны сот 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына тағайындады. Қылмыстық іс Наурызбай аудандық Полиция басқармасы тергеушілерінің өндірісінде болды. Педофилді құқық қорғау органдарына тапсырған әйеліне жеке алғыс айтқым келеді», - деді Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов.


Соңғы жаңалықтар