Алматыда 5 адамды атып өлтірген Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі ұзартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бірнеше адамға оқ атқан Игорь Дужновты қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«19 қаңтарда тергеу соты Игорь Дужновты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға, яғни 20 ақпанға дейін ұзарту туралы өтінішті қанағаттандырды», - деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Еске салайық биылғы 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған азамат оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Кінәлі адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қаза тапқан полицейлердің артында 5 және 2 бала қалды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев олардың отбасына тиісті көмек көрсетілетіні туралы айтқан болатын.

Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Банк ЦентрКредит» АҚ іс бойынша барлық қажетті құжатты ұсынатындарын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсететінін жеткізді.


Соңғы жаңалықтар