Алматыда 4,5 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл басынан бері 4,5 мыңға жуық отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмек – айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекеттен берілетін ақшалай төлем. Кедейшілік шегі тоқсан сайын күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде анықталады.

«Биыл 35,4 мың адамды қамтамасыз ету үшін АӘК төлеуге республикалық бюджеттен 4,6 млрд теңге бөлінді. Жыл басынан бері 4419 отбасына (22 мың адам) 1 154,8 млн теңге төленді, оның ішінде 1757 көпбалалы отбасы бар» деп атап өтті басқармадағылар.

Бұдан басқа, 2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасы балаларына заттай қолдауды қамтитын кепілді әлеуметтік пакет қарастырылған.

Пакетке кіретін заттар:

- мектеп жасына дейінгі балаларға (1 жастан 6 жасқа дейін) - балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақ;

- мектеп жасындағы (6 жастан 18 жасқа дейін) балаларға мектепте ыстық тамақ, мектеп формасы мен керек-жарағын сатып алу және жол жүру шығынын өтеу.

1 жастан 6 жасқа дейінгі 3 804 балаға 36,6 млн теңгенің азық-түлік жиынтығы берілді.

Соңғы жаңалықтар