Алматыда 3,7 мың медицина қызметкері үстемеақы алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қаржылай қолдау көрсету туралы тапсырмасына сәйкес, Алматыда 3758 маманға үстемеақы төленді. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Бисенбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19 инфекциясымен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандар жұмыс қауіптілігіне қарай 3 топқа бөлінген. Тәуекелдің бірінші тобына өте қауіпті жағдайда жұмыс істейтін 560 қызметкер енді. Оларға 375 млн теңге төленді. Екінші санат қауіптілігіндегі дәрігерлер мен фельдшерлерге, яғни 2282 медицина маманына төленген сома 722 млн теңгені құрады.Үшінші топқа 916 қызметкер еніп отыр. Оларға 167 млн теңге бөлінді»,–дейді Әсел Бисенбаева.

Оның айтуынша, медицина мамандарына төленетін үстемеақы, арнайы құрылған комиссияның шешіміне сәйкес жүргізіледі. Наурыз айында 1,2 миллиард теңге төленді.


Соңғы жаңалықтар