Алматыда 29 үй жарықсыз отыр: Әкімдік жағдайға түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Наурызбай ауданындағы «Премьера» тұрғын үй кешені жарықсыз қалды. Тұрғындар электр қуаты жиі өшетініне шағымдануда. Аудан әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары қала басшылығына Facebook арқылы жүгінді.

«Премьера» қаладағы ірі тұрғын үй кешендерінің бірі. Бүгін таңертең 2 мыңнан астам пәтер электр қуатынан толық ажыратылды. 4 жылдан бері осы кешеннің электр желілерін қалалық желілердің балансына беру туралы сот процестері жүріп жатыр. Тұрғындардың электр қуатына қарыздары көп дейді. Бірақ көршілерім де, мен де үнемі жарық үшін ақша төлейміз. Неге берешегі бар пәтерлерді жарықтан ажыратпайды. Мұнда14-16 қабатты 29 үй жарықсыз қалды. Бұл дегеніміз - су мен тамақ жоқ деген сөз. Кешеннің бәрі электр қуатымен байланысты. Балалар онлайн оқи алмай отыр. Бірнеше борышкердің кесірінен бүкіл кешенді жарықсыз қалдыру - бұл тікелей адам құқығын бұзу», - деп жазды желі қолданушы.

Наурызбай ауданының әкімдігі электр энергиясымен қамту қызметін жеткізуге келісімшарт жалпы есептегіш құрал бойынша жасалғанын хабарлады.

«Алматыэнергосбыт» ЖШС пәтер иелерімен жеке келісімшарт жасаған жоқ.

«Қазіргі уақытта электр энергиясын қосу мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, Алматы қаласының Энергия тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасы электр желілері мен құрылыстарын «АЖК» АҚ балансына беруді қарастырып жатқанын хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деп жауап берді әкімдік.


Соңғы жаңалықтар