Алматыда 250 мың шаршы метр жол жөнделеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда биыл 250 мың шаршы метр жол жөнделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 162 жұмыс орны ашылды. Оған 16 жұмыс бригадасы мен 45 арнайы техника бірлігі жұмылдырылды.

Ойылған жерлерді жөндеу үшін 250 мың шаршы метр асфальтбетон жабындысы төселеді және 40 аялдама қалталарын, алаңдарды ретке келтіру жоспарда бар.

«Қазіргі кезде ойылған жерлерді жөндеу жұмыстары бірінші кезекте магистральды көшелерде жүргізілуде, кейін біртіндеп аудандық маңызы бар көшелерге ауысатын болады. Осы жөндеу жұмыстары аудандық әкімдіктердің өтініштері, ПД ЖПБ-ның, Open Almaty және тағы басқа өтініш берген ұйғарымдар бойынша анықталған жағдайда тұрақты жүреді», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Жылдың қысқы кезеңінде көше-жол жабынындағы ақаулар суық асфальтбетон қоспасын төсеу арқылы уақытша жөнделеді, кейін көктем-жаз маусымында ыстық асфальтбетон төселеді, қоспаның орташа тәуліктік температурасы +10, құрғақ негізде іске асады.

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көшелер - 385, олардың ұзындығы 1150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көшелердің саны - 2361, олардың ұзындығы 1946,8 шақырым.


Соңғы жаңалықтар