Алматыда 25 мыңнан астам оқушы Pfizer вакцинасын салдырды
2022 жылғы 19 қаңтар 11:33

Алматыда 25 мыңнан астам оқушы Pfizer вакцинасын салдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3 840 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 қаңтар күні 3 840 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 18 қаңтар аралығында қалада 1 090 869 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 038 980 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 636 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 34 583 адам салдырды. Оның ішінде 1892 жүкті әйел, 7 244 бала емізетін ана және 25 447 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 93 089 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT