Алматыда 200 көшеге жөндеу жүргізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Осы орайда биыл 200 көшені орташа жөндеу және 250 мың шаршы метр жол жамылғысын жаңарту жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі кезде 44 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде 10 көшеде аяқталды. Қалған көшелерді мамыр айының аяғына дейін толық аяқтау жоспарланған.

Қала жолдарын жөндеу үшін 370 жұмыс орны құрылды, 33 бригада мен 143 арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі кезде 66 мың шаршы метрден астам жерде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, 683 люк көтерілді, 520 қума метр бордюр тастары реттелді.

Сондай-ақ, Саин-Торайғыров көшесі, Райымбек даңғылы – Розыбакиев көшелеріндегі жолайырықтар жөнделіп жатыр.

Бұлардан өзге, Ясауи көшесінен «Таусамалы» кентіндегі Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықтағы Алматы көшесінің 1,2 шақырымын реконструкциялау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта тұрғын үйлерді сүру және жолды кеңейту жұмыстары атқарылуда.


Соңғы жаңалықтар