Алматыда 20 жастағы жігіттен есірткі тәркіленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының 20 жастағы тұрғынынан алты бума есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов ауданында 2002 жылы туған Н. есімді күдікті ұсталды. Полиция қызметкерлері жас жігітті жеке тінту кезінде одан алты бума есірткі заты тәркіленді. Күдікті оны тауып алғанын және оларды өзіне қалдыруға шешім қабылдағанын айтты.

«ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі – аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтау бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Еске салсақ, Ақмола облысына есірткі саудасымен айналысқандар 11 және 13 жылға сотталған болатын.


Соңғы жаңалықтар