Алматыда 2 адам табиғи газдан уланып көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйде екі адам уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, кеше 16 қаңтар күні кешкі сағат 17:50 -де ТЖД кезекші бөліміне Түрксiб ауданы «Қайрат» ықшамауданында орналасқан табиғи газбен жылытылатын жеке тұрғын үйдің пешінен ақау шыққаны туралы хабарлама түсті.

«Жоғарыда аталған мекенжайға жедел медициналық жәрдем келгенше 1995 және 1992 жылы туған екi адам көз жұмды. Мамандармен тексеру барысында, пешттің мұржасы газ қазандығына дұрыс бекiтiлмегенi және герметиканың болмауы анықталды. Нәтижесiнде, бөлмеге жану өнiмдерi мен көмipтегi oксидi жайылған. Оның салдары өлімге әкелді»,- деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаметінен.

Естеріңізге сала кетейік, жылыту маусымының басында газбен уланудың алды алу мақсатында ТЖД қызметкерлері, «ҚазТранГаз Аймақ», еріктілер жеке сектордағы үйлерді 100% аралап, 145 471 үй есепке алды. 2021 жылдың басынан бастап 21 мыңнан астам үй қайта тексерілді, пеш және газбен жылытуды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді және 300 мыңнан астам жадынамалар таратылды.


Соңғы жаңалықтар