Алматыда 19 мыңнан астам мүгедек оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда 2019 жылы 19 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсартуға ерекше назар аударады. Әсіресе, көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты көмек көрсетіледі.

«2019 жылы мүмкіндігі шектеулі 19 мыңнан астам адам оңалтудың техникалық жабдықтарымен қамтамасыз етілді, шамамен 7 мың адам әлеуметтік қолдауға ие болды. Оларға протездік-ортопедиялық, санаториялық-курорттық сауықтыру сынды көмектер көрсетілді», – делінген әкімдік хабарламасында

Бұған дейін Алматыда 12 мыңнан астам отбасыға 7,1 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілгені туралы жазаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар