Алматыда 14 коронавирус ошағынан шектеу алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 14 коронавирус жұқтыру ошағынан шектеу алынды. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 14 індет ошағында шектеу шаралары алынып тасталды.

Атап айтсақ, мекенжайлар тізімі мынадай:

Алатау ауданы – «Заря Востока ш/а, Сары-ой к-сі, 234;

Алмалы ауданы – Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;

Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242;

Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75; Достық к-сі, 111;

Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;

Түрксіб ауданы – «Алтай-1» ш/а, 8; «Жас Қанат» ш/а, 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а.

Департаменттің 3 сәуірдегі мәліметіне сәйкес, Алматы аумағында коронавирус инфекциясының 28 аймағы белгіленген.

Әуезов ауданында – 6 ошақ аймағы: «Жетісу-2» ш/а, 70а; «Мамыр-4» ш/а, 313, 54; № 6 ықшамауданы 35; №1 ықшамауданы 28; Афцинао, 4.

Алатау ауданында – «Ақкент» ш/а, 7; «Ақбұлақ» ш/а, 9; Жасыл желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі, 190 мекен-жайлары бойынша жұқтыру ошағының 5 аймағы бар.

Алмалы ауданында — 2 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85 үй.

Медеу ауданында 4 ошақ: Қонаев көшесі, 62; «Самал-3» ш/а, 25; Достық көшесі, 116; Достық көшесі, 493.

Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; «Құлагер» ш/а, 45; Борзов к-сі, 85 үй.

Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелген: «Жұлдыз» ш/а, 45; «Жұлдыз-1» ш/а, 13.

Бостандық ауданында — Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310; «Орбита-1», 27 үй.

Наурызбай ауданында 1 жұқтыру ошағы: Береке көшесі 1/97-і ошағы.


Соңғы жаңалықтар