Алматыда 138 сауда нысаны ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден астам 138 сауда нысанының жұмысына қойылған шектеу алынады, деп хабалайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда орталықтарына түнгі сағат 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Сауда үйлері мен орталықтардың аумағында орналасқан фуд-корттарды ашу – 2-ші кезең шеңберіне, СПА, фитнес-орталықтары мен ойын-сауық нысандарын ашу – 3-ші кезеңге жоспарланып отыр. Олардың ашылу күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады», - деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар сауда орталықтарының аумағында орналасқан азық-түлік сатпайтын бутиктер, сән салондары, химиялық тазалау және мейрамханалар жұмысын бастайды.


Соңғы жаңалықтар