Алматыда 123 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті
2022 жылғы 25 қаңтар 13:20

Алматыда 123 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3116 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 қаңтар күні 3116 алматылық вакцина салдырды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орын қатарында. Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы жылдың 24 қаңтар ыаралығында қалада 1 101 185 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 046 923 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 979 адамның жасы 60-тан асқан» ,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 38 518 адам салдырды. Оның ішінде 2060 жүкті әйел, 8 359 бала емізетін ана және 28 099 жасөспірім бар.

Ревакцинациядан 122 960 алматылық өтті.

«Бүгінгі таңда қалада медициналық ұйымдарда 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT