Алматыда «112» бірыңғай диспетчерлік қызметі қашан іске қосылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев брифинг барысында «112» бірыңғай диспетчерлік қызметі қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«112» қызметі 101, 102, 103 жедел қызметтерінің колл-орталықтарының операторларын біріктіріп, жедел басқару орталықтарын қызметтердің өзінде сақтайды.

Жоба азаматтардың шұғыл өтініштерін бірыңғай қабылдауды ұйымдастыру шұғыл жағдайларды пысықтау регламенті негізінде қызметтердің өзара іс-қимылын тиімді үйлестіруге бағытталған.

«112» бірыңғай диспетчерлік қызметінің ғимараты М.Әуезов көшесі 82 мекенжайында орналасқан.Өткен жылы пандемияға байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмай қалды. Қазіргі уақытта ғимаратта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Жыл соңына дейін аяқтау жоспарда»,- дейді спикер.

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, «112» бірыңғай диспетчерлік қызметінде бастапқы кезеңде 150 оператор жұмыс істейді.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап «112» қзметіне қатысты жеке заң қабылданады. Алматы қаласы қазірдің өзінде бұл пилоттық жобаның қалай жұмыс істейтінін көрсетуге әзір. Бұл жаңа инновациялық тәсіл болмақ», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар