Алматыда 11-ші науқас коронавирустан емделіп шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыда тағы бір науқас коронавирус дертінен емделіп, ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 90 жағдайы тіркелді.

Инфекциялық стационарларда Алматы облысынан 1 пациентті ескере отырып, КВИ 80 адам жатыр, оның ішінде 1 бала бар.

68 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық.

2 ересек адамның жай-күйі – ауыр, 10 ересек адамның жай-күйі орташа ауырлық деңгейінде (1 облыстық).

Барлық емдеуге жатқызылғандардың ішінде екі жағдай – бұған дейін анықталған пациенттермен байланыста болған адамдар.

Барлық байланысқан адамдар бүгінгі күні табылған және оқшаулауға орналастырылған.

Covid-19-дан сауығып, тағы бір пациент ауруханадан шығарылды.

Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекция расталған, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны 11 адамды құрайды.

Провизорлық орталықтарда барлығы 619 адам бар, оның ішінде 81-і — бала.

Екі күндік карантиндік оқшаулауда 520 адам жатыр, оның ішінде 50-і — бала.

Үй карантинінде 3853 азамат бар.


Соңғы жаңалықтар