Алматыда 100 жастағы ардагер «Еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев соғыс ардагері Қайырлы Жонқобаевты жүз жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы әкім өзінің Twitter парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысының атынан аты аңызға айналған Панфилов дивизиясында соғысқан Қайырлы Жонқобаевты жүз жылдық мерейтойымен құттықтадым. Ардагерге «Еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Ақсақалға зор денсаулық пен амандық тілейміз», – деп жазaды әкім.

1941 жылы Отанын қорғауға аттанған қазақ сарбазы небәрі 20 жаста еді.

Мәскеу түбіндегі ерлігі мен соғыста көрсеткен батылдығы үшін көптеген наградалармен марапатталды.

Бүгінде қарт жауынгер 5 баладан 7 немере, 14 шөбере сүйіп отыр.


Соңғы жаңалықтар