«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қаладағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10 наурыздан басталады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Отбасы банкінің» желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім 10-31 наурыз аралығында жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі-5%;
Бастапқы жарна-10%
Қатысуға өтінімді: www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы беруге болады.
Сонымен қатар, енді үйреншікті 13 миллионның орнына несие сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгертілді.
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
• Медицина қызметкерлері;
• Білім беру қызметкерлері;
• Мәдениет қызметкерлері;
• Спорт қызметкерлері;
• Жоғары оқу орны қызметкерлері;
• Әлеуметтік сала қызметкерлері;
• БАҚ қызметкерлері;
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
Биыл бюджеттік ұйымдардың барлық қызметкерлері қатысатын болады.
Мысалы, егер өткен жылы мектепте жұмыс істеген бухгалтер қатыса алмаса, биыл ол өтініш бере алады.
Негізгі талаптар:
• Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау;
• Өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы;
• 35 жасқа дейінгі/35 жасқа толған жастар.


Соңғы жаңалықтар