«Алматы жастары» бойынша баспанаға тағы 526 адамға жолдама берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1035 адам жолдама алды. Қалада тіркеу талабы жойылғаннан кейін тағы 526 адамға жолдама берілді. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаев Twitter аккаунтында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жастары 3.0» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1035 адам жолдама алды. Қалада тіркеу талабы жойылғаннан кейін тағы 526 адамға жолдама берілді. Тағы 457-сі резервке енді. Жұмыс істейтін жастарға 5 пайыздық несиенің берілуі — баспаналы болудың ең тиімді мүмкіндігі», - деп атап өткен қала әкімі.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 3220 өтінім түскен. Олардың ішінен комиссия 1035 адамның өтінімін мақұлдады.

Бұдан кейін қала әкімдігі байқаудың шарттарын өзгерткен болатын. Атап айтқанда, қалада тіркелу шарты алынып тасталды. Одан кейін қаладағы жұмыс істейтін жастарға 5471 өтінім берілді.

Нәтижесінде 2527 өтінім қайтарылып, білім саласының қызметкерлерінен 1964 өтініш қаралып жатыр.

Бағдарлама талаптарына сай келетін 980 үміткерден 587 адам – денсаулық сақтау саласында, мәдениет саласында – 1212, спорт саласында – 23, ғылым саласында, ЖОО-ларда – 170, БАҚ саласында – 56, әлеуметтік салада 32 адам жұмыс істейтіні белгілі болды.

Қабылданбаған өтініштердің басым бөлігі жұмыс орындары немесе қызметтерінің бағдарлама талаптарына сай келмеуі салдарынан кері қайтарылды. Яғни, 36 өтініш берушінің жеке баспанасы бар екені, 46 адамның өз баспанасынан бас тартқаны анықталды, 152 адамда зейнеткерлік төлем болмаған, 77 адамның өтініштері жоғарыда аталған себептерге қатысты кері қайтарылған, ал 23 адам алғашқы қабылдау кезіндегі несиелік өтініштерін ұсынған.

Еске салсақ, қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімі бойынша бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің Алматыда тұрақты тіркеуде болуы талабы алынып тасталған еді. Осыған орай, биыл 22 маусым - 6 шілде аралығында өтініштерді қабылдау қайта жүргізілген болатын.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдау электрондық қолтаңба арқылы www.almaty-zhastary.kz сайтында іске асады. Жинақталған балдарды автоматты түрде есептеу үшін электронды калькулятор енгізілген. Бұдан өзге, сайттағы жеке кабинет арқылы берілген өтініштің деңгейін жеке көруге де болады. Тұрғын заемдарының ашық әрі адал бөлінуін қамтамасыз ету үшін бағдарламаға қатысушылардың толық тізімі сайтта жарияланған.

13 миллионға дейінгі жеңілдетілген ипотекалық несие жылдық 5% мөлшерлемемен «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі» АҚ арқылы беріледі. Төлем қабілетін ойдағыдай растаған қатысушылар 60 күн ішінде бірінші және екінші нарықта тұрғын үйді жеке өздері таңдай алады.


Соңғы жаңалықтар