«Алматы жастары» бағдарламасымен берілетін несие 18 млрд теңгеге өсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 2021 жылы «Алматы жастары» бағдарламасымен 1000 пәтер беріледі. Бұл туралы бүгін VII шақырылымдағы мәслихаттың бірінші сессиясында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, осы бағытта әкімдік «Отбасы банк» АҚ талқылау жасап жатыр.

«Былтыр банкпен біріге отырып 13 млрд теңге бөлдік. Бүгінде қаламыздың экономикасының әр саласында еңбек етіп жатқан 1000-ға жуық жас осы бағдарламамен пәтер алды. Биыл да осыны жалғастырамыз. Инфляцияға байланысты нарықта пәтер қымбаттап барады. Соған байланысты несие көлемін 18 млрд теңгеге жеткізіп жатырмыз. Биыл да 1000 пәтер беріледі. Бұл «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларынан бөлек болмақ», - деді әкім.

Оның алдында әкім 25 ЖОО базасында 16 мың орынға 38 жатақхана, екі колледжде 600 орындық жатақхана салынатынын айтқан болатын.

Жалға алу бағдарламасымен Алматыда жұмыскер жастар 5 мың пәтер алатын болады.

Айта кету керек, Алматыда бүгін VII қалалық Мәслихаттың бірінші сессиясы өтті.

Сессия барысында Мәслихат хатшысы, қайтадан құрылған тұрақты комиссия төрағалары тағайындалды. Сонымен қатар, «Алматы-2025» даму бағдаламасы бекітілді.


Соңғы жаңалықтар