+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 10 мыңға жуық өтінім қабылданды

2021 жылғы 7 сәуір 17:53
Бөлісіңіз:
«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 10 мыңға жуық өтінім қабылданды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 9741 өтінім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылық жастар экологиялық акция өткізді Жұмыссыз жастарға арналған тағы бір жоба көпшілікке жол тартты Жастар ел тізгінін ұстауға дайындалуы керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Биылғы жылдың 10-31 наурыз аралығында «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы аясында өтініштер мен құжаттар қабылданды.

Бағдарламаға қатысуға 9741 өтініш түсті, оның ішінде:

- Денсаулық сақтау саласы - 2614;

- Білім беру саласы бойынша -3560;

- Мәдениет саласы - 348;

- Спорт саласы- 98;

- ЖОО мен ҒЗИ саласы -1103;

- Әлеуметтік сала бойынша -715;

- БАҚ саласы -172;

- Құқық қорғау органдары -1131.

Өтініштерді қабылдау электрондық цифрлік қолтаңба арқылы электронды түрде www.almaty-zhastary.kz сайтында жүзеге асырылды. Ұпайларды есептеу үшін электрондық калькулятор енгізілген. Оған қоса тапсырған өтініштің жағдайын сайттағы кабинеттен өздігінен бақылау мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні тапсырған өтініштерді жүктеу мен бағдарламаның талаптарына сәйкестігіне тексеру іске асырылып жатыр. Кейіннен әр санат бойынша ең жоғары ұпайлардың негізінде тізім жасалады.

Тұрғын үй қарыздарының берілуінің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында іріктелген, резервке енгізілген және қайтарылған қатысушылардың тізімдері өтінімдерді қабылдау сайтының сәйкес бөлімдерінде орналастырылатын болады.

Бағдарлама бойынша 1000 азаматты баспанмен қамту жоспарланған.

Іріктелген үміткерлерге «Отбасы банк» АҚ арқылы төлем қабілеттілігін растау үшін өтінімдерді қабылдау сайтындағы кабинетке жолдама беріледі. Тұрғын үй қарыздары төлем қабілеттілігін сәтті растаған қатысушыларға жалпы қарыздың 10 % болған жағдайда 5%-бен 18 млн теңгеге дейін бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй алу үшін беріледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT