«Алматы жастары 3.0» тұрғын үй бағдарламасына жеңілдік енгізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы жастары 3.0» бағдарламасымен баспана алуға ниетті жастар үшін «қалада тіркеуде болу» талабы алынып тасталды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter-де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жастары 3.0» жеңілдетілген несие бағдарламасымен тұрғын үй алуға ниетті жұмыс істейтін алматылық жастарға қалада тіркеуде болу талабы алынды. Осы себепке байланысты қабылданбаған өтініштер қайта қаралады. 22 маусымнан өтінімдерді қабылдаудың екінші кезеңі басталады»,– деп жазды қала әкімі.

Айта кетейік, бағдарлама бойынша несиені өтеу мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін, төлем қабілеттілігіне қарай есептеледі. Бастапқы төлем - 10%.

Бағдарламаның мақсаты – бюджет саласындағы жас қызметкерлерге қолдау көрсету (35 жасқа дейін). Бұл – мұғалімдер, дәрігерлер, университет оқытушылары, мәдениет, спорт саласының өкілдері, журналистер мен ғалымдар.

Жалпы, Алматыда 8,4 мың көппәтерлі тұрғын үй қоры бар. Бұл, елдегі ең үлкен көрсеткіш. Тұрғын үйге сұраныс жыл сайын артуда. Бүгінде 25 533 азамат баспана кезегінде тұр. Бұл, өткен жылмен салыстырғанда 4,5 мың адамға көп.

Былтыр Алматыда 3162 адам баспанамен қамтамасыз етілді, оның ішінде 520 көпбалалы отбасы мен 114 балалар үйінің түлектері бар. Сонымен қатар, 2019 жылы 1050 жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтер кілттерін алды.


Соңғы жаңалықтар