+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Алматы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған - әкімдік

2020 жылғы 28 қаңтар 18:45
Бөлісіңіз:
Алматы тұрғыны коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған - әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы короновирусқа шалдыққан науқас туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавируспен ауырғандар қай жерде оңалтудан тегін өте алады Коронавируспен ауырмау үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек Коронавирус: Шетелдіктердің Қазақстанда тұру мерзімі ұзартылды

WhatsApp арқылы Алматыда коронавирус жұқтырған адам бар деген ақпарат тарап жатыр.

«Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызылған науқаста короновирус инфекциясы табылмағанын хабарлайды» делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін жедел жәрдем қызметіне Гонконгтан түнде ұшып келген қала тұрғынынан қоңырау түскен. Ол өзінің қалтырап, дене қызуының көтеріліп тұрғанын айтып шағымданған.

Арнайы киім киген жедел жәрдем дәрігерлері дереу көрсетілген мекенжайға жіберілді. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның клиникалық белгілері бар науқас қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

«Ауруханада науқасты дәрігерлер арнайы бокста тексерді. Оған «орташа ауыр деңгейдегі тұмау» диагнозы қойылды. Сонымен қатар қажетті вирустық талдаулар алынып, емдеу басталды», - деп толықтырды басқармадағылар.

Қытайдағы коронавирус инфекциясының қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты науқас дәрігерлердің жіті бақылауына алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT