Алматы тұрғыны 6,5 млрд теңгенің заңсыз ақша айналымын жүргізген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ер адам өзінің еншілес компаниялары арқылы 6,5 миллиард теңгеге коммерциялық ұйымдарға жалған шот-фактура берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы прокуратурасында атап өткендей, қалалық прокуратура экономикалық тергеу департаменті және қалалық сот бірлесіп жалған шот-фактураларды жасайтындарды анықтау мақсатында тұрақты жұмыс жүргізуде.

«Нәтижесінде қала соттарына 19,5 млрд теңгеге шот-фактуралар жазылған 8 қылмыстық іс жолданды. Осылайша, қолма-қол ақшаға айналдырушылар контрагенттерге 5,4 млрд теңгеден астам сомаға салықтан жалтаруға көмектескендер анықталды. 5 кінәліге қатысты айыптау үкімі шығарылып және тағы 16-сы сот талқылауында, олардың алтауы 2 жыл бойы тұрақты қызмет еткен ұйымдасқан қылмыстық топты құрған»,– деп хабарлады қалалық прокуратура.

Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны өзінің үлестес компаниялары арқылы түрлі коммерциялық ұйымдарға 6,5 млрд теңгеге салық төлеуден жалтарулары бойынша қызмет көрсеткен.

Осыған байланысты Алматы қаласының прокуратурасы үшінші тұлғалар ақшалай сыйақы немесе бір жолғы пайда алу мақсатында меншік нысанына қарамастан өз атына ұйымдарды тіркеуді/қайта тіркеуді ұсынатын азаматтарды сақтандырады.

Мұндай әрекеттер үшін ҚР ҚК-нің 216-бабы бойынша қылмыстық жауап қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар