Алматы тұрғындары арық суының жағымсыз иісіне шағымданды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары арықтан шыққан күлімсі иіске шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада арыққа кәріз суы төгілген деген тұспал айтылды.

«Әл-Фараби даңғылынан Назарбаев көшесіне дейін арық суы сасып тұр. Кәріз суы ағып жатыр»,- деді Алматы тұрғыны.

«Алматы Тазалық» кәсіпорны бұл дерекке қатысты түсінік білдірді.

«Бізде туннельдерде жаман су ағатын резервуар бар. Оған жауын суы жиналады. Сол жерде жауын суын соратын сорғы орнатылған. Бүгін ол сорғының жұмысын тексердік. Резервуардағы судың қалдығын төктік. Бұл – кәріз суы емес, тұрып қалған су. Су түбінде шөгінді бар. Апат болмаған, сорғы істеп тұр. Жағымсыз иіс жақын арада кетеді», - деді «Алматы Тазалық» кәсіпорны директорының Медеу ауданы бойынша орынбасары Ерболат Қалдыбаев.


Соңғы жаңалықтар