Алматы тауында жоғалып кеткен келіншек табылды, жағдайы ауыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тауында жоғалып кеткен келіншек табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 шілде күні сағат 10: 56 минутта Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне республикалық жедел- құтқару жасағынан Үлкен Алматы көлі аумағында хабарсыз кеткен Әлия Қамиеваның табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның жағдайы ауыр деп бағаланады, зардап шегушіні тасымалдау және ауруханаға жеткізу қажет. Департамент ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағының ұшуын ұйымдастырды»,- деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың максималды күштер мен құралдары жіберілді. Атап айтар болсақ, республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері кинологиялық есептер, «109» құтқару қызметі, 75 волонтер.

Бұған дейін, 31 жастағы Әлия Қамиеваның Алматы тауларында жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз. Ол 5 шілдеде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның анасы 7 шілде күні құтқарушыларға жүгінді. Куәгерлер алматылық келіншекті соңғы рет Үлкен Алматы көлінің маңынан көрген.



Соңғы жаңалықтар