Алматы тауларында көшкін қаупі бар - ТЖД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға жақын орналасқан таулы қыраттарда лай көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда 2-5 сәуір аралығында жауын-шашын болады. Осы кезеңде тау бөктерінде көшкін жүру қаупі бар. Сондықтан қаламыздың таулы аймақтарында тұратын тұрғындардан су желілері мен кәріз шұңқырларды пайдалану кезінде сақ болуды, су желілерінде ақау пайда болған жағдайда суды өшіріп, оны қалпына келтіру үшін тиісті шара қабылдауды сұраймыз. Таудағы учаскелерде жер жұмыстарынан бас тарту қажет»,– деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Біз бұған дейін Алматыда биыл су басу қаупімен күреске 6 481 адам жұмылдырылатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар