18:00, 05 Наурыз 2021 | GMT +6
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тауларында көшкін жүруі ықтимал екендігі ескерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынның көп түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайына байланысты 5-6 наурыз аралығында қар көшкіні қаупі сақталады», – деп хабарлады Қазгидромет.
Мамандар қар көшкіні жүру ықтималдығына байланысты қарлы беткейлерге шығуға болмайтындығын айтады, сонымен қатар тұрғындарға тауда абай болуға кеңес берді.