Алматы тауларына 4 сантиметр қар түсті

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат – Алматыда ауа райы суытып, қар аралас жауын жауып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қар аралас жауын түнгі сағат үштерде басталды. Таулы аймақтарға түскен қардың биіктігі 4 сантиметрге жетті.

«Су басу мен көктайғақтың алдын алу мақсатында 397 арнайы техника,оның ішінде 37 құм төгетін машина жұмылдырылды. Сондай-ақ, бұл жұмысқа 20 мотопомп және 866 жол жұмысшысы тартылды», – деп мәлім етті қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қаланың жоғарғы бөлігінде тайғаққа қарсы 15 тонна қоспа себілді.

Алматының аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар