Алматы-Ташкент пойызы қайтадан қатынай бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 18.32-де «Алматы-2» вокзалынан Алматы-Ташкент қатынасындағы №1/2 халықаралық жолаушылар пойызы жолға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚТЖ мәліметінше, 24 вагоннан тұратын құрам аптасына 3 рет барып, келеді. Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады

«Қазақстандықтар мен шетел азаматтарының елге темір жол көлігімен кіруі үшін бұрынғыдай теріс нәтижесі бар COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтаманың болуы міндетті. Анықтама берілген күннен бастап 72 сағаттан аспауы керек. Немесе коронавирустық індетке қарсы екпе немесе қайта екпе қабылдаудың толық курсынан өткені туралы паспорт ұсыну қажет (соңғы дозаны алғаннан кейін 6 айдан аспайтын мерзім). Егер ПТР тестінің нәтижелері немесе COVID-19 вакцинациясының паспорты болмаса, онда жолаушылар вагонға отырғызуға жіберілмейді», - деп түсіндірген ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар