Алматы-Талдықорған тас жолындағы көлік апатынан 7 адам ауруханаға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы-Талдықорған тас жолында жолаушы тасымалдайтын шағын автобус көлік апатына ұшырап, 7 адам ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасы Көксу ауданына қарасты Балпық би ауылына жақын маңда болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Көлік апаты түскі уақыт шамасында Алматы-Талдықорған тас жолының 236-шы шақырымында болған. Анықталғандай, микроавтобуста жүргізушіні қосқанда барлығы 17 адам отырған. Медициналық тексеруден кейін 10 жолаушы жіберілді. Ал 7 зардап шегуші ауруханада жатыр. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеуде», - деді Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Айта кету керек, оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіге тарауда. Болжам бойынша, көлік жол жиегінен шығып кетіп, аударылған.

Соңғы жаңалықтар