«Алматы Су» кәсіпорнына қатысты іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы департаменті «Алматы Су» МКК-ның қызметінен ҚР Табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру қорытындысы бойынша әкімшілік істер қозғалды. Сондай-ақ, ҚР табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу фактілерін жою туралы нұсқамалар шығарылды.

«Алматы Су» МКК Қазақстан Республикасының «Табиғи монополияларды реттеу туралы» Заңының 26-бабының 2-тармағының 3- тармақшасының талаптарын бұзған. Атап айтқанда, 2020 жылдың ақпан айынан сәуірге дейін «Best Service company» ЖШС-не бекітілген тариф бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін ұсынбаған.


Соңғы жаңалықтар