«Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры қамауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Марат Принбеков екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды.

«Тергеу сотының қаулысы бойынша соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылды. Сот «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры Пірінбековке қатысты бұрын таңдалған 2 ай мерзімге, яғни 2022 жылдың 15 маусымына дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бұған дейін Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар